Мәңгі сүйіп өтемін: Азамат Сатыбалды Арыстағы әскерилерге алғыс айтты

Бұны көрген желідегі жұрт Арыстағы ағайынға тілектес екендерін жазып, Азамат Сатыбалдының сөзіне қосылды. Пікір білдіргендер бұл күллі қазақ елінің басына түскен ауыр қайғы екенін айтуды ұмытпаған. Оған қоса, шын өкініштерін білдіріп, бірге уайымдап жатқандарын жеткізді олар.
"Жандарым-ай! Әр үйдің балалары ғой! Алланың нұры жаусын! Шығын болмаса екен, әйтеуір!", "Ең ауыр жұмыс осы жігіттерде. Оттың үстінде бомбаның астында, күн ыстық, су жоқ. Ол жерден тірі шыға ма, өліп кете ме білмейді, тек алға жүру керек. Бір Аллам жар болсын өздеріңе!", "Алтындарым-ау, аман болыңдаршы. Ата-аналарыңа сабыр берсін", "Алла тағалам жап жас балаларымызға күш берсін. Жастарымыз аман болсын еліне қамқорлық жасаған", - деп жазды жұрт.