Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Жүректеріңізден айналдым": Кенжебек Жанәбілов ұлының амандығын тілегендерге алғыс айтты

"Жүректеріңізден айналдым": Кенжебек Жанәбілов ұлының амандығын тілегендерге алғыс айтты

"Мұзарттық" әнші Кенжебек Жанәбіловтың ұлы сауығып келеді,

Өнер иесі желідегі парақшасында тұңғышы Ахметтің сөйлеу қабілеті жақсарғанын айтып, қуанышымен бөліскен. Ниеттес, тілектес болған барша ағайынға алғысын жеткізіп, жақсылықтарыңыз екі есе болып қайтсын деп пікір білдірді.
"Менің ұлымды уайымдап тілекші болып жатқан жүректеріңізден айналдым. Бізге тілеген жақсылықтарыңыз өздеріңізге мың есе болып қайтсын. Бәрі Алланың қолында! Біз сіздерді жақсы көреміз!" - деп жазды Кенжебек Жанәбілов.
Сөйлеуі кешеуілдеген ұлы Ахметті Кенжебек Жанәбілов бірталай жерге қаратқан. Қазіргі таңда ұлы өзінің ойын еркін жеткізе алатын дәрежеге жеткен көрінеді. Алайда, Ахмет таулар мен ағаштарға қарап,  жан-жануардың бейнесін көріп, көз алдына елестететін сыңайлы. 
Ұлының жағдайын бұрыннан білетін жұрт өнер иесін өзгеріс бар деп қуантты. Сонымен қатар, желідегілер тез сауығып кетсін деп тілек білдірген. 
"Алла сүйген құлына сынақ береді дейді уайымдама бəрі жақсы болады ең бастысы бақытты əкесін балаларыңа Алла жар болсын", "Бір қиындықтың артында мың жақсылық бар", "Кенжебек Аллам шипасын берсін. Балаң сөйлеп кетеді.Тамаша жігіт болады. Уайымдама", - деп жазды желідегілер.
21 маусым 2019 ж. 1 599 0