Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Арманыңа жет, қалқам": Ем алып жатқан Мадина Сәдуақасоваға батасын берген апа жұртты сүйсіндірді

"Арманыңа жет, қалқам": Ем алып жатқан Мадина Сәдуақасоваға батасын берген апа жұртты сүйсіндірді

Ем алып жатқан Мадина Сәдуақасоваға батасын берген апа жұртты сүйсіндірді

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасына жазба қалдырып, тілеулес болған барша тыңдармандарына алғыс айтты. Үнемі қолдау білдіріп жүретін туыстары мен жақындарының барына әнші шүкіршілік етіп, бақыт дегеннің осы екенін жеткізді. Бурабайда ем алып жатқан Мәдина Сәдуақасоваға егде тартқан апа батасын беріп, ақ тілегін жаудырған. Бұл жағдай өнер иесіне жақсы әсер берген сыңайлы.
"Дәл қазір біз Бурабайдағы шипажайда дем, ем алып жатырмыз. Жаңа ғана бір апа "Айналайын, Мадина, әлеуметтік желіде  жазғаныңды көрдім, бата берейін, арманыңа жет, қалқам"- деп батасын беріп, тілегін білдіріп жатыр. Әлеуметтік желіге сіздер қанша шын ниет, тілектеріңізді жолдап, жазып жатсыздар! Айналаңдағы туыс- жақыныңдарыңмен бірге, қаншама халықтың, көптеген жандардың саған тілекші болып, өзінің немересі, қызы, әпкесі, құрбысы ретінде жақын көріп, тілекші болып жатқанына Аллаға мың шүкір айтамын", - деп жазды өнер иесі
23 мамыр 2019 ж. 1 350 0