Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Әрбір күніміз комедия": Тоңазытқышқа шығып алған Рүстем Жүгінісовтің қызы жұртты күлдірді

"Әрбір күніміз комедия": Тоңазытқышқа шығып алған Рүстем Жүгінісовтің қызы жұртты күлдірді

Рүстем Жүгінісов қызының қызықты видеоларын әлеуметтік желіге жүктеп жұрты таңқалдырды

Әнші әлеуметтік желідегі парақшасына қызы Айдайдың қызықты бейне жазбаларын жүктеуден жалықпаған. Соңғы кезде уақытының көп бөлігін отбасына арнайтын ол күн сайын қызының тәтті қылығын қызықтайтынын айтады. 
"Бойдақ кезімде үйленген достарым осындай видео салған кезде қызығушы едім! Енді менде де осындай қызық видеолар аз емес", - деп Алланың берген сыйына разы екенін жеткізді.
Кішкентай қызының тоңазытқыштың төбесіне мініп алып түспей отырғанын салған ол уақытының қалай өтетінін жасырмады.
"Әрбір күніміз комедия", - дейді Рүстем.
Желідегі бұл бейнежазбаларды тамашалаған жұрт отбасына ақ тілектерін жаудырып, Айдай қызға тамсанып жатты.
http://stan.kz
13 мамыр 2019 ж. 1 724 0