Әзілімен көптің көңілінен шыққан Тұрсынбек Қабатов еліміздегі ең қымбат асабалардың бірі. Той болған соң көптеген қызықты жайттар болып жатады. Тұрсынбек өз көзімен көрген осындай қызықты бір оқиғаны айтып берді. Бұл туралы Жанар Айжанованың Salem show бағдарламасында айтылды. "Тойда көптеген қызықты жайттар кездеседі. Бірде мынадай жағдай болды. Ол қазіргідей желі, youtube, instagram дегендердің дамымай тұрған кезі. Ешкім видеоға түсіріп, жария етіп үлгерген жоқ. Тойға үлкен тортты сол кезде алып шығу сәнге айналып жатты. Өзім құрметтейтін ағамның қызының ұзату тойы еді. Жастарға торт әкелу салтанаты басталды. Жас жұбайлар қол ұстасып келе жатты. Оларға қарсы алдынан үлкен тортты сүйреп апара жатты. Осы кезде операторлардың кабеліне торттың дөңгелегі ілініп, бетіндегі торт жерге ақтарылып түсті.