Тұрсынбек Қабатов тойда болған қызықты оқиғаны айтып елді күлдірді
Әзілімен көптің көңілінен шыққан Тұрсынбек Қабатов еліміздегі ең қымбат асабалардың бірі. Той болған соң көптеген қызықты жайттар болып жатады. Тұрсынбек өз көзімен көрген осындай қызықты бір оқиғаны айтып берді.
Бұл туралы Жанар Айжанованың Salem show бағдарламасында айтылды.
"Тойда көптеген қызықты жайттар кездеседі. Бірде мынадай жағдай болды. Ол қазіргідей желі, youtube, instagram дегендердің дамымай тұрған кезі. Ешкім видеоға түсіріп, жария етіп үлгерген жоқ. Тойға үлкен тортты сол кезде алып шығу сәнге айналып жатты. Өзім құрметтейтін ағамның қызының ұзату тойы еді. Жастарға торт әкелу салтанаты басталды. Жас жұбайлар қол ұстасып келе жатты. Оларға қарсы алдынан үлкен тортты сүйреп апара жатты. Осы кезде операторлардың кабеліне торттың дөңгелегі ілініп, бетіндегі торт жерге ақтарылып түсті.
Жас жұбайлардың көңілі түсіп, қыз жылай бастады. Қонақтардың есі шығып, не істерін білмей дал. Бәр сәтті жерде жатқан тортқа көзім түсті. Қарасам тортқа ұқсамайды. Ақ пенопласт екен. Мен сонда ғана үлкен торттың бетінде ғана торт болатынына көзім жетті. Ал, астыңғы қабаты тек пенопласттан жасалады екен. Тек көпшілікке үлкен етіп көрсетеді. Осыны пайдаланып мұның әзіл ойын екенін айтып сендірдім. Сценарий бойынша әдейі болған оқиға деп түсіндірдім. Бұған қонақтар сеніп, қыран-топан күлкіге қарық болды. Той иелеріне жаңадан шын торт жасатып, екінші мәрте алып шығуын сұрадым. "Енді нағыз торт келді" деп алдадық. Осылайша ыңғайсыз жағдайдан құтылып кеткен едік", - дейді әзілкеш.
Той иесі кейіннен Тұрсынбектен осы оқиғаны әзіліңе қосшы деп өтінген көрінеді.
http://stan.kz