Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Денем қан-қан болып жатыр екем": Тұрсынбек жаңадан үйленген жылдары бастан кешкен қызықтарын айтты

"Денем қан-қан болып жатыр екем": Тұрсынбек жаңадан үйленген жылдары бастан кешкен қызықтарын айтты

Тұрсынбек Қабатов өз басынан өткен қызықты естеліктерін айтып берді. Бір бөлмелі жатақханаға көп қонақты сыйдыра алмай қиналғанын күнін еске алды. 

Бұл туралы Жанар Айжанованың Salem show бағдарламасында айтылды. 
"Жаңадан үйленген жылдары небір қызықты жайттар болды. Қазір соны әңгіме қылып айтып отырамыз. Қызым бір жасқа толғанда туған-туысты жинап, той жасадық. Ол кезде әйелім екеуміз бір бөлмелі жатақханада тұрамыз. Кафені жинастырып, Мөлдір екеуміз жатақханаға келсек, есік ашылмайды. Әлдене тіреп тұрғандай көрінеді. Әрі-бері итеріп жатып әрең аштым. Сөйтсем, қонақтар есіктің алдына дейін сыймай жатыр екен.
Мөлдір бір орын тауып жатты. Мен балконға барып жантая салдым. Таңертең тұрсам, туысқандарым ойбайлап айқайлап жүр. "Не болды?" деп бетіме бажыраяды. Сөйтсем, балкондағы еттің қабы астында қалып, денем қан-қан болып жатқан екем", - деп күлді әзілкеш.
http://stan.kz
09 мамыр 2019 ж. 1 234 0