Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Кеудесін отқа тосып тұр": Азамат Сатыбалды отаншылдығы туралы айтты

"Кеудесін отқа тосып тұр": Азамат Сатыбалды отаншылдығы туралы айтты

Белгілі актер Азамат Сатыбалды өзінің отаншылдығын көрсетіп желідегі парақшасына жазба қалдырған. Еліме тіл тигізген адамды ұнатпаймын дейді ол. Жалған батырлардан жалыққан Азамат Сатыбалды назын айтты.
"Адамда әке жалғыз, шеше жалғыз дәл солай отан да жалғыз. Менің басқа Қазақстаным жоқ. Отаныма тіл тигізген адамды ұнатпайтыным рас. Атын атап түсін түстеп жаманда, нақты айт. Оған отан анамның кінәсі жоқ. Оған ортамыздан шыққан адамдар кінәлі. Сол адамдардан сұрап, сол адамдарды кінәлә. Әйтпесе жалпылама айтып батыр болмай ақ қой", - деп жазды Азамат Сатыбалды.
Сонымен қатар, өнер иесі "Мен ояндым" бейнежазбасына байланысты ойын жеткізді. Отанға деген сүйіспеншілікті түсіндіріп, ол қаншалықты жауапкершілікті талап ететінін айтып берді Азамат Сатыбалды. Көзбояушы адамдардан, ақпараттардан бойымызды аулақ ұстайық дейді актер.
"Сіздерге бір сұрақ қояын. "Мен ояндым" ролигіне байланысты. Сол ролигке қатысы барлар бірінші мамыр күні xалық митингіге шыққанда қайда болды? Немесе митингтен кейін адамдардың қолын қайырып он күнге отырғызғанда қайда болды? Жер дауы болғанда сол орыс тілді менің әріптестерім қайда болды? Елін сүйген адам елді айдақтап қойып өздері жылы жерде отырмайды. Отқа май құйып қашып кетіп, сырттан қарап тұрмайды.  Елін сүйген адам, елінің алдында кеудесін отқа тосып тұрады. Елін сүйген адам елдің артында емес алдында тұрады қасқайып", - деп жазды Азамат Сатыбалды.
http://stan.kz
31 мамыр 2019 ж. 1 368 0