"Анаға апарар жол" фильмі АҚШ-та прокатқа шығады

"Анаға апарар жол" фильмінің түсірілімі 2015 жылдың наурыз айында басталды. "Анаға апарар жол" Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған. Картинаның сюжеті Қазақстанның тарихи бірқатар күрделі кезеңдерін қамтыған: ұжымдастыру дәуірі, халықтың басынан өткен ұлы трагедия - жұт, Ұлы Отан соғысы жылдары мен соғыстан кейінгі жылдар. Фильмде сол қиын кезеңдерді басынан кешкен бір адамның өмірі баяндалады, ол сұрапыл соғысты, тұтқындалғандарға арналған лагерьді көреді. Бірақ ол осының барлығына қарамастан, үйге оралуға талпынады, себебі сол жылдар бойы оны анасы күткен болатын.
Айта кетейік, фильмнің желісі қазақ халқының ХХ ғасырда бастан кешкен күрделі тарихи кезеңдерден құрылған, атап айтсақ, күштеп жүргізілген ұжымдастыру науқаны, ұлттың басына түскен ұлы трагедия – жұт (ашаршылық), Ұлы Отан соғысы және соғыстан кейінгі бейнетті жылдар. Фильм өмірдің ауртпашылығына төтеп берген, қиын қыстау күндері сұрапыл соғыстың мехнатын көрген, жат елде тұтқында болған Ілияс есімді жігіттің тағдырын баяндайды. Бөтен жерде айдауда жүрсе де, жат елдің зорлық-зомбылығын көріп, қиянатын кешсе де, жалғыздықтың тауқіметін тартса да, бас Қаһарман атажұртын аңсап, анасын сағынып, туған жеріне оралатынына ешқашан күманданбайды.
Фильмнің режиссері - Ақан Сатаев, асценарий авторы -Тимур Жақсылықов, қоюшы операторы - Хасан Қыдырәлиев, қоюшы суретшілер - Назира Байбекова, Лариса Решетова. Сондай-ақ, рөлдерде Әділ Ахметов, Аружан Жазылбекова, Алтынай Нөгербек, Азамат Сатыбалды ойнайды.