Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қайыршылық жасағаны үшін қамаққа алынды

Қайыршылық жасағаны үшін қамаққа алынды

Арал аудандық сотында азамат А-ға қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 449-бабының 2-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Сотта анықталғандай, азамат А. адамдарды мазалап, өтініш білдіру сипатындағы құқық бұзушылығы үшін жыл көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартыла тұра, қайтадан қоғамдық орында адамдарды мазалап, қайыршылық мақсатта ақша сұрап жүрген.

Сот отырысында құқық бұзушының кінәсі, іс құжаттарымен және оның кінәсін мойындаған жауабымен дәлелденген. Сот қаулысымен құқық бұзушы А. ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, бір тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.
Арал аудандық сотының
баспасөз қызметі
08 сәуір 2019 ж. 783 0