Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қарағанды облысында шенеунік 102 млн теңге жымқырды деп күдіктелуде

Қарағанды облысында шенеунік 102 млн теңге жымқырды деп күдіктелуде

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облыстық департаменті «Шахтинск қаласының құрылыс бөлімі» басшысы мен мердігер ұйымның директоры бюджет қаржысынан ақша жымқырғанын анықтады,

Тұтқындалғандар бірнеше тұлғамен алдын ала келісіп, бюджет қаржысынан 102 миллион теңге жымқырды деп күтіктеліп отыр. Аталған қаражат «Шахтинскжылуэнерго» ЖШС-ның аумағын қоршауға бөлінген. 
«Сонымен қатар аталған тұлғалар аталған нысанның құрылысына техникалық бақылау жүргізетін компанияның директорын аталған қылмыстық істі тоқтатуға рұқсат беруі үшін жауапты тұлғаларға 40 мың доллар (15 млн теңгеден аса) көлемінде пара беруге арандатқан», - дейді агенттіктегілер. 
Сот күдіктілерге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қабылдады. Тергеу жалғасуда.
01 шілде 2019 ж. 580 0