Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Қазавтожолдың" Маңғыстау бойынша филиалының басшысы тұтқындалды

"Қазавтожолдың" Маңғыстау бойынша филиалының басшысы тұтқындалды

«Қазавтожол» ҰҚ» АҚ-ның Маңғыстау облыстық филиалының басшысы бюджет қаржысын қалтасына басты деп күдіктеліп отыр,

«Қазавтожолдың» Маңғыстау облыстық филиалының директоры және оның орынбасары бюджет қаржысын жымқырып, бірнеше рет пара алды деп күдіктелуде. 
«Олар мердігер ұйымдардан 6 миллион теңге көлемінде жүйелі түрде пара алды деп күдіктелуде. Атқарылған жұмыстар туралы жалған актілерге қол қою  арқылы бюджет қаржысынан 500 млн теңгеден аса ақша жымқырған», - дейді ведомстводағылар. 
«Қазавтожолдың» Маңғыстау облыстық филиалының басшылары уақытша ұстау изоляторына тоғытылды. Оларға бұлтартпау шарасын қабылдау мәселесі шешіліп жатыр. Тергеу жалғасуда.
18 маусым 2019 ж. 605 0