Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде алғаш рет әйел адам президенттікке үміткер атанды

Елімізде алғаш рет әйел адам президенттікке үміткер атанды

Қазақстан Республикасы президенттігіне әйелдер арасында алғашқы үміткер «Ақ жол» партиясының өкілі, мәжіліс депутаты және Ақтөбедегі БТА банкінің бұрынғы басшысы Дания Еспаева болды.
Еспаева Дания Мәдиқызы 1961 жылы 5 наурызда дүниеге келді. Тұрмыста, екі баланың анасы. Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын (1993 ж.) «экономист» мамандығы бойынша бітірді.
КСРО Мемлекеттік банкінің Ақтөбе облыстық департаментінің несие бөлімі экономисі (1982-1986); КСРО Мемлекеттік банкінің Ақтөбе облыстық департаментінің кредиттік бөлімінің аға экономисі (1986-1987); Промстройбанк өңірлік департаментінің ақша айналымы бөлімінің бас экономисі (1988-1991); «Тұран» ӨҰ Ақтөбе филиалының бас бухгалтері (1992 ж.); Ақтөбе филиалы «Тұран» филиалының директор орынбасары (1992-1995); Бас маман, бастықтың орынбасары, аға «Әлем банкінің» Ақтөбе облыстық департаментінің несие бөлімінің бастығы (1995-1997); «БТА Банкі» АҚ Корпоративтік бизнесті дамыту жөніндегі директордың орынбасары (1998-2005); «БТА Банкі» АҚ Ақтөбе филиалының директоры (2006-11.2014); «Қазкоммерцбанк» АҚ Ақтөбе филиалының директоры (11.2014-03.2016). «Атамекен Одағы» Ақтөбе филиалының басқарма мүшесі; Ақтөбе облысының өңірлік үйлестіру кеңесінің мүшесі болды.
Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты, отбасы және әйелдер комиссиясының мүшесі (08.2008 ж., 2012-2016 жж. Қайта сайланған), «Ақ жол» партиясы атынан парламент депутаттыныға үміткер (05.02.2016ж.). Қазақстан Республикасы марламенті мәжілісінің «Ақ жол» партиясының VI шақырылымы бойынша депутаты, Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі (24.03.13ж. бастап).
«Құрмет» орденімен (2011 ж.); Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдығы медалімен, «Үздік қаржыгер» медалімен марапатталған.
jasqazaq.kz
24 сәуір 2019 ж. 945 0