Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Пара алған: Жамбыл облысында аурухананың бас дәрігері тұтқындалды

Пара алған: Жамбыл облысында аурухананың бас дәрігері тұтқындалды

Ұлттық бюроның Жамбыл облыстық департаменті облыстағы аудандық аурухананың бас дәрігерінің пара алғанын анықтады

Ведомство мәліметінше, аудандық аурухананың бас дәрігері жекеменшік компанияның өкілінен 800 мың теңге пара алды деп күдіктеліп отыр.
Параны балаларға арналған тағамның мемлекеттік сатып алуы туралы келісімшарт бойынша атқарылған жұмыстар актілеріне қол қойғаны үшін алған көрінеді.
«Күдіктіге қатысты кепіл түріндегі бұлтартау шарасы таңдалды. Тергеу жалғасуда», - дейді агенттіктегілер.
19 маусым 2019 ж. 452 0