Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Кәсіпкерлерден пара алған: Ақмола облысында станция басшысына 18,7 млн теңге айыппұл салынды

Кәсіпкерлерден пара алған: Ақмола облысында станция басшысына 18,7 млн теңге айыппұл салынды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюроның Ақмола облысы бойынша департаменті «ҚТЖ» АҚ жұк тасымалының «Көкшетау» станциясының басшысы Молдақовқа қатысты тергеуді аяқтады,

Белгілі болғандай, Молдақов вагондар кедергісіз және жылдам жөнелтілгені үшін кәсіпкерлерден жүйелі түрде пара алып келген. Сонымен қатар қызметін пайдаланып, вагондардың тоқтап тұрғаны үшін дебиторлық қарыз сомасын төмендеткен. 
Молдақов Көшетау қалалық сотының шешімімен жеморлыққа жол берді деп танылып, 18,7 млн теңге айыппұл жазасына кесілді. 
Сонымен қатар сотталушы мемлекеттік қызметтерде және жергілікті басқару органдарында қызмет ету құқығынан өмір бойына айырылды.
Сотталушы ауыр қылмысы үшін айыппұл төлемеген жағдайда, жаза бас бостандығынан айыру түріне алмастырылады.

http://stan.kz  

17 маусым 2019 ж. 588 0