Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Атыраудағы көтеріліс: Қазақ қызымен суретке түскен азамат қызметінен босатылды

Атыраудағы көтеріліс: Қазақ қызымен суретке түскен азамат қызметінен босатылды

Күні кеше қазақ қызымен екіұшты ой салатын суретке түсіп, бейәдеп видеоны желіге жүктеген шетелдік азамат Эли Дауд қызметінен босатылды. Бұл туралы Consolidated Contracting Engineering & Procurement S.A.L. Offshore (ССЕР) бас директоры Кауаш Хишам мәлімдеді,

Ең алдымен, компания басшысы Атыраудағы тәртіпсіздіктерге себепші болған қызметкері үшін кешірім сұрады. Сондай-ақ, осындай жағдайдың алдын алу мақсатында Эли Даудпен арадағы келісімшарт тоқтатылғанын жеткізді. 
«Эли Даудтың жасаған әрекеттері үшін барлығыңыздан кешірім сұрағым келеді. Компания басшылығы мен оның қызметкерлері мұның біздің құндылықтарымыз бен қағидаттарымызға сай келмейтін келеңсіз жағдай болғанын айтқымыз келеді. Осы орайда, компания Эли Даудпен арадағы келісімшартты бұзып, оның жұмыстан босатылғаны туралы айтқымыз келеді», - деді Кауаш Хишам. 
Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін Атырауда мұнайшылардың көтеріліске шыққаны туралы хабарлаған едік. Аталған көтеріліс шетелдік азаматтың қазақ қызымен бірге түскен суретін WhatsApp желісіне қоюмен байланысты туындаған. Алайда артынша жұмысшылардың талап-тілегі басқа екені белгілі болды. Кейін 40 адамның дәрігер көмегіне жүгінгені хабарланды. Сондай-ақ, аталған компанияның басшысы барша қазақстандықтан 
кешірім сұрады.
https://stan.kz
01 шілде 2019 ж. 994 0