Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Менің өмірлік кумирім - әкем мен анам": Димаш өзіне әрдайым қолдау көрсететін жандар туралы

"Менің өмірлік кумирім - әкем мен анам": Димаш өзіне әрдайым қолдау көрсететін жандар туралы

Димаш Құдайберген ұлттық арнаға сұхбат беріп, өміріндегі басты кумирлерін атады. Ол бала күнінен мектептегі ұстазына ұқсағыс келген екен,

Әнші өміріндегі жетістіктерінің себепшісі ең алдымен Алла екенін айтады. 
«Маған, ең алдымен, жеңіс тұғырына шығуға жаратушымыз көмектеседі. Одан кейін әрқашан да қолдап, әр басқан аяқ алысымды демеп, қолдар жүретін – менің ата-анам. Әрбір адамның өмірде рухани және кәсіби тұрғыда дәріс алатын өзінің ұстаздары бар. Менің өмірлік ұстазым, менің өмірлік кумирім – менің әкем мен анам», - деді ол. 
Кейін бала күнінен ерекше үлгі тұтатын ұстазы туралы айтты. Оның тек кәсіби тұрғыдан емес, рухани тұрғыдан да дамуына зор үлес қосқанын айтты. 
«Содан кейін өзім ерекше еліктеп өскен бір ерекше жан бар. Есімде сонау 1999-2000 жылдары 4,5 жас шамасында Ахмет Жұбанов атындағы музыкалық колледждің жанынан құрылған балалар мектебіне оқуға түстім. Алғаш сахнаға шыққанымда жүргізуші мені «Болашақ Марат Әйтімов» деп таныстырды.
Ал мен Марат ағаны кішкентай кезімнен бері үйде көретінмін. Ол кезде Марат аға шығармашылық ізденіс үстінде жүретін. Бала кезден Марат ағаның сыныбында оқысам деп армандадым. Ол кісі мені тек кәсіби біліктілігімді артырып қоймай, өнерге де, өмірге де қатар үйретті», - дейді ол. 
Естеріңізге сала кетсек, күні кеше Нұр-Сұлтан қаласының төрінде Димаш Құдайбергеннің «Арнау» атты жеке ән кеші өтті. Ол аталған кеште туған бауырымен бірге күй шертіп, Денис Тенге ән арнады.
https://stan.kz
01 шілде 2019 ж. 1 469 0