Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Димаш Құдайберген: 2018 жылы менің тарапымнан көп жаңалық болады

Димаш Құдайберген: 2018 жылы менің тарапымнан көп жаңалық болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақ әншісі Димаш Құдайберген қытайлық телеарнаға сұхбат беріп, алдағы жоспарлары туралы жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Айта кетейік, осы аптада Д. Құдайберген Көктем мерекесі - Қытай күнтізбесі бойынша Жаңа жыл мерекесіне орай «CCTV» телеарнасының ұйымдастыруымен өткен үлкен концертке қатысты. «Алғаш рет «CCTV» ұйымдастыруымен өтіп жатқан Жаңа жыл мерекесіне қатысудамын. Осы айтулы мерекелік шарада өнер көрсетіп жатқаным үшін өте қуаныштымын. Осы концерттегі әнге дайындалуға біраз уақыт кетті. Бұл тек қана жеке орындаудағы ән емес. Қасымдағы бауырларыммен, достарыммен өнер көрсетпек ойымыз бар. Біраз еңбекті талап ететін нөмір болды. Ең үлкен қиыншылық - ол Қытай тілінде ән салу. Қытай тілі өте бай деп айтсам болады, 5 мыңға жуық иероглифтері бар. Сол себептен әнді дәл нақышына келтіріп, үйреніп алғаннан кейін сахнада орындауға тырыстым», - деді қазақ әншісі. Бұдан бөлек Димаш алдағы жоспарлары туралы айтып берді. «Жаңалықтарымыз өте көп, қазіргі таңда менің жеке шығармашылық кештерім өтіп жатыр. Алғашқы кешім Астанада ұйымдастырылды, содан кейін Қытай елінің ішінде өтуде. Одан кейін өзге де шет мемлекеттерде концерт береміз. Барлықтарыңызды жеке шығармашылық кештерімде күтетін боламын. Осы орайда көңілдеріңізден шығу үшін барымды салып, тырысатын боламын. Атап айтқанда, жаңа бейне баяндарды түсіру ойымда бар. Әрине, көрермендерім оны күтіп қалғанын білемін. Альбомды да тәмамдап қалдық. Жалпы, 2018 жылы менің тарапымнан көп жаңалық болады деген ойдамын»,- деп атап өтті Димаш Құдайберген.
inform.kz
16 ақпан 2018 ж. 1 274 0