Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақ әліпбиін латынға көшіру бойынша міндеттер анықталды - Әділбек Жақсыбеков

Қазақ әліпбиін латынға көшіру бойынша міндеттер анықталды - Әділбек Жақсыбеков

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақ әліпбиін латынға көшіруде науқаншылдыққа жол бермеу керек. Бұл туралы бүгін Ақордада ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазіргі кезде «Рухани даму» бағдарламасы бойынша көп жұмыстар атқарылды. Қажетті ұйымдастыру сұрақтары толығымен шешілді. Бағдарламаның барлық бағыттары бойынша нақты нәтижелер бар. Ең бастысы, олар халықтың зор қолдауына ие болып отыр. Бүгінгі отырыста осы жасалған жұмыстардың қорытындысын шығарып, алдағы жоспарымызды қараймыз», - деді ҚР Президенті жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның кезекті отырысын ашқан Әділбек Жақсыбеков.

Сонымен қатар ол комиссия жұмысының жаңа кезеңі басталғанын және мұнан ары да осыған дейінгі қарқынды сақтап, келешекте атқарылатын жұмыстарға қатысты нақты көріністің болуы тиістігін бас айтты.
«Бірінші бағыт, қазақ әліпбиін латынға көшіру бойынша міндеттер қазіргі уақытта анықталды. Мемлекет басшысы әліпби жобасын бекітіп, Үкімет жанындағы ұлттық комиссия құрылды. Жаңа әліпбиге көшу жұмыстары Үкімет бекіткен жоспар аясында жалғасатын болады. Дегенмен, жоспарланған шаралардың логикасын қатаң сақтау қажеттігіне назар аударғым келеді»,- деп атап өтті Президент Әкімшілігінің басшысы.

16 ақпан 2018 ж. 1 124 0