"Қалжыңмен қағытады": Ләйлә Сұлтанқызы түрік актері Бурак туралы айтты

Келген сыйлы қонақты асты-үстіне түсіп, ойдағыдай күтіп алған Ләйлә Сұлтанқызы өзінің қонақжайлығын айтып мақтанған. Астанада өзін туған үйінде жүргендей сезінген Буракты осылайша тележүргізуші риза қылып шығарып салды.
"Қуыс үйден құр шығармайтын халықпыз ғой, менің оқырмандарымның атынан сәлем айтып, тәтті торттан дәм татқызып, отбасына азды-көпті сыйлық беріп, шығарып салдым. Бурак қазақстандық көрермендеріне, жалпы қазақ еліне қонақжайлығы үшін дән риза! Сіздерге де дұғай сәлемін айтты", - дейді Ләйлә Сұлтанқызы.