"Екі аяғымызды бір етікке тығады": Гүлзира Айдарбекова күйеуі екеуінің қарым-қатынасы туралы айтты

Гүлзира Айдарбекова күйеуі Нұртас Айдарбектің өте қатал екенін жасырмады. Әр басқан қадамымызға есеп беріп, тәртіпке бағынып жүреміз дейді ол.
"Егер өзің таза жүріп, күмән тудырмасаң, сенімді болсаң жетеді. Менің күйеуім өте қатал. Бізді қит еткізбейді. Есеп беріп отырамыз. Екі аяғымызды бір етікке тығып ұстап отырады", - дейді Гүлзира Айдарбекова.