Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Бүгін түнде күн тұтылады": Қазақстандықтар сирек құбылысты тамашалай ала ма?

"Бүгін түнде күн тұтылады": Қазақстандықтар сирек құбылысты тамашалай ала ма?

Бүгін түнде көп кездесе бермейтін астрономиялық құбылыс орын алып, Ай Күннің бетін толығымен жабады.
Басылым бүгін Нұр-Сұлтан уақытымен түнгі 01:24-те Күн толығымен тұтылатынын, бірақ қазақстандықтар тамашалай алмайтынын жазды.
Мамандар еліміздің тұрғындары сирек кездесетін құбылысты тек онлайн-трансляция арқылы көретінін жеткізді.
Айта кетейік, күннің тұтылуын аргентиналықтар мен чилиліктер ғана толықтай тамашалайды.
Мамандардың сөзінше, Эквадор, Бразилия, Уругвай және Парагвай, сондай-ақ, Тынық мұхитының кейбір аралында табиғат құбылысы жартылай көрінеді.
Олар Еуразия, Африка, Австралия мен Солтүстік Америка құрлығының тұрғындары Күннің тұтылуын тамашалай алмайтынын алға тартты.
Дәрігерлердің айтуынша, бұл құбылыс кейбір адамдардың психоэмоционалды жағдайына әсер етеді.
Олар адамдардың бойын үрей билейтінін, күмәншіл болып, тынышсыздана бастайтынын жеткізді.
Дәрігерлер мұндай кезеңде адамның өз-өзіне қол жұмсау оқиғалары біршама артатыны анықталғанын атап өтті.
kaz.nur.kz


02 шілде 2019 ж. 1 087 0