Толқын » Қоғам » Ақ түсті спорттық аяқ киімге су жаңа қалпын қайтарудың қарапайым әдісі
Ақ түсті спорттық аяқ киімге су жаңа қалпын қайтарудың қарапайым әдісі
Ақ түсті спорттық аяқ киімдер әдемі әрі сәнді көрінгенімен, тез кірлейді. Reebok брендінің мамандары аяқ киімді үйде бар заттардың көмегімен оңай тазалаудың жолын көрсетті,
Ол үшін ұстара, тіс щеткасы, ас содасы, су, лакты кетіруге арналған сұйықтық, сутегінің асқын тотығы және ыдыс жууға арналған құрал қажет. Ыдысқа аздап су құйып, 5 ас қасық ас содасын қосып, тіс щеткасымен араластырыңыз. Оған 1-2 ас қасық ыдыс жууға арналған гельді қосып, жақсылап араластырып алыңыз. Қоспаға 1-2 ас қасық сутегінің асқын тотығын қосыңыз. Осымен қоспа дайын.
Енді тіс щеткасын қоспаға малып, аяқ киімді тазалаңыз. Артынша аяқ киімді қағаз сүлгі немесе жұмсақ матамен сүртіңіз.
Мақта дөңгелегін лакты кетіруге арналған құралмен дымқылдап алып, онымен аяқ киімнің табанын сүртіңіз.
Ұстараның көмегімен аяқ киімнің ішкі жағындағы түйіршіктерді тазалаңыз. Артынша аяқ киімнің бауын жуып жіберіңіз.
Осындай әдіс арқылы спорттық аяқ киіміңізге жаңа қалпын қайтара аласыз.