Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бетті үй жағдайында қалай тез ағартуға болады

Бетті үй жағдайында қалай тез ағартуға болады

Бетті ағарту терінің түсін біркелкі етіп, пигменттік дақтардан арылуға және сепкілдерге ашық рең беріп, шаршаудан, стресстен, тітіркенуден және аллергиядан пайда болатын дақтарды кетіруге көмектеседі. Соған орай Stan.kzақпараттық агенттігі сыртқы келбетімізге күтім жасау үшін өзімізге бірнеше минут бөліп, терімізді күтілген және әдемі етудің жолдарын ұсынады.

Теріні үй жағдайында грейпфрут шырынымен ағартуға болады. Ол үшін бетімізді грейпфрут кесектерімен сүртеміз. Бетті сүртпес бұрын алдымен кесектердегі қабықты алып тастаңыз немесе жаңа мұздатылған грейпфрут шырынын қолданыңыз. Грепфрут стресстің немесе шаршағандықтың, қызарудың белгілерін жоюға көмектеседі. Мұндай сұлулық рәсімінен кейін бетімізді салқын сумен жуып және нәрлендіретін бет кремін қолданамыз.
Пигментті дақтарды қалай ағартамыз
Пигментті дақтарды кетірудің халықтық әдісі – ол мұздатылған күріш суы.
Бұл ағарту құралы былай жасалынады: Бір ас қасық күріш алып, оны ыдысқа саламыз. Содан кейін оған аз мөлшерде су құйып, отқа қойыңыз. Бірақ, күріш пісіп кетпес үшін, қайта-қайта араластыру керек. Күріш суы дайын болғанда сұйықтықты дәкемен сүзіп аламыз. Ал сұйықтық суыған соң, оны тоңазытқышқа салыңыз.
Мұндай күріш сорпасынан жасалған косметикалық мұзды ұйқы алдында жағу керек. Бірақ, мұзды күріш суын үш күннен артық сақтауға болмайды.
Пигментті дақтарды кетіруге арналған тағы бір құралды пайдаланып та, теріні үй жағдайында ағартуға болады. Бұл жағдайда жасыл ақжелкен немесе лимон шырынының қайнатпасы жақсы көмектеседі. Ол үшін лимон шырыны немесе жасыл ақжелкен қайнатпасымен мақта таяқшасын сулап, даққа жағыңыз. Бірақ мұндай құралды пайдалануда өте сақ болыңыз. Себебі, теріңіз  қатты кеуіп кетуі мүмкін. Сырт келбетке күтім көрсете отырып, ылғалдандыратын және нәрлендіретін крем пайдалануды ұмытпау керек.
Секпілдерді ағарту
Күлкілі және көзге көрінетін сарғыш сепкілдер әр әйелдің көңілінен шыға бермейді. Егер секпілдер бетіңіздің әдемілігін құртып тұр деп ойласаңыз, онда төмендегі рецепттердің көмегімен оларды ағарта аласыз.
Дәке жолақтарын жақсылап қышқыл сүтке шылап, біраз қысып, жиырма минутқа бетіңізге қойып қойыңыз. Бұл масканы күніне екі рет, таңертең және кешке жасаймыз. Мұндай маскадан кейін бетті жууға болмайды, тек бетімізді құрғақ мақтамен сүртіп, тазалаймыз. 7 немесе 8 күннен кейін бірінші нәтиже байқалады.
Егер бет теріңіз түлеп түспесе және құрғақ болмаса, онда 3%-ды сутек асқын тотығының ерітіндісін немесе лимон қоспасын қолдансаңыз болады. Теріні құрғатып алмау үшін бұлармен бетті екі-үш минут сүртеміз де, артынан қаймақтан маска жасаймыз.
Бетті ағартудағы классикалық рецепт: жаңа піскен және үккіштен өткізілген қияр. Ол үшін қиярды үккіштен өткізіп, оған шырынды және жұмсартылған ақжелкеннің бірнеше бұтақшасын қосыңыз. Мұндай масканы бетке жұқа қабат қылып жағып, отыз минут күтесіз.
Бетке арналған ағартқыш әсері бар маскалар
Қияр маскасы
Жаңа піскен қиярды ұсақ үккіштен өткізіп, оған құрғақ теріге арналған нәрлендіретін кремнен бір ас қасық қосып, араластырыңыз.
Майлы тері үшін қияр сығындысының шырынын алып, оны бірдей мөлшерде арақпен араластырыңыз да бір тәулік қойып, тұндырыңыз. Содан кейін дәке майлықтарын алып, оны сұйықтықпен сулап, бетіңізге қойыңыз. Бұл ерітінді отыз маскаға жетеді.
Айта кетейік, қияр шырынын ұзақ уақыт бойы сақтауға болады. Ол үшін 100 грамм жаңа піскен қиярды алып, ұсақтап турап, оған 100 грамм арақ қосыңыз. Сосын оны 8 немесе 10 күн қараңғы жерде сақтап, сүзіп аламыз. Осындай шырынды аузы жабық бөтелкеде суық жерде сақтаңыз.
Ашытқы маскасы
Ашытқыны сутегі асқын тотығымен қалың крем болғанша ерітеміз. Есеп бойынша, бір ағартатын бет маскасы үшін 25 грамм ашытқы қажет.
Ақжелкен маскасы
Туралған ақжелкенге қайнаған су құйып, тұндырыңыз. Содан кейін суыған қайнатпамен бетті күніне бір немесе екі рет сүртеміз.
Бал мен лимон маскасы
Екі ас қасық қант қосылмаған балды сығылған лимон шырынымен араластырамыз. Сосын бұл қоспаға дәке майлығын малып, бетіңізге қойыңыз. Масканы 15-20 минут ұстау керек. Оны үш рет, әр бес немесе жеті минут сайын қоямыз және мұндай масқаны аптасына екі-үш рет қолданылу керек. Содан кейін барлық масканы жылы сумен жуамыз. Егер тері құрғақ болса, онда маскадан кейін нәрлендіретін крем немесе кігегей жағыңыз.
Сондай-ақ, қара қарақат, бүлдірген, құлпының маскаларының да ағартқыш әсері бар. Ағартқыш процедуралары кезінде аскорбин қышқылын (C витамині) күніне үш рет бір таблеткадан қолданамыз. Ал, қияр, ақжелкен мен лимон – теріні ағартуда, пигментті  дақтар мен секпілдерді кетіруде ең тиімді өнімдердің тізімінде көш бастап тұр.
Лимон маскасы
Мұндай маска үшін лимон, яғни лимон шырынын және жұмыртқаның ақуызы мен 10 грамм қант, 10 мл су дайындап алыңыз. Содан кейін барлық ингредиенттерді араластырып, алынған массаны таза бетке жағыңыз. Масканы бетте 20-30 минутқа қалдыру керек, содан кейін бетті жылы сумен жуып, ылғалдандыратын крем жағыңыз. Мұндай маска екі күнде бір рет жасалады.
Stan.kz
27 қараша 2018 ж. 3 756 0