"Атамның қасында шай ішіп отырғандай": Димаш белгілі композиторды жер көкке сыйғызбай мақтады

Сонымен қатар, Димаш Құдайберген мамандық таңдағанда, өмірлік бағытыңды айқындағанда жүрегіңді тыңдап, балалық арманыңды есіңе ал деп кеңес берді. Өзін әлемдегі ең бақытты жан санайтын әнші әр күніне шүкіршілік ететінін жасырмады.
"Мамандық таңдайтын сәтте артқа шегініп, бала кезімде нені армандадым деп ойлау керек. Себебі, бала тілегі, бала арманы ешқашан адамды адастырмайды. Мен өзімді өте бақытты жан санаймын. Осы күніме шүкіршілік етемін", - дейді Димаш Құдайберген.