"Тәрбиелі деп ойлап қалмаңыздар": Асылхан Төлеповтің келіншегі неке қию рәсіміндегі қызықтарды еске алды

Жарынан шариғат бойынша сыйлық сұрағанын да жасырмады ол. Қарапайым болып көрінгенмен, бұл тәрбиелігімнің белгісі деп қалмаңыздар дейді Айсұлу. Асылхан Төлеповтің әйелі махр сыйлығына алтын алқа сұрап, бәрін өз жолымен шешкен.
"Мен өзіме шариғат бойынша тиесілі мөлшерде алтын алқа (кулон) сұрадым. Сонда имам маған қарап "Кулонның да түр-түрі бар ғой, бриллантпен ба?" деп сұрады. Қандайын лайық деп тапса, сондайын алып берер. Не деген тәрбиелі деп ойлап қалмаңыздар, просто не сұрайтынымды білмедім. Осылай некеміз қиылды. Мешіттен шыға бергенде Көкем "Эx, Айс, жап-жаңа айфон..." деп тағы езуімізді тарттырды", - дейді актердің жары.