"Елдің еркесі": Жанды дауыста ән айтқан Әбдіжаппар Әлқожа жұртты сүйсіндірді

Әбдіжаппар Әлқожаның жанды дауыста ән айтқанын көрген желідегілер өнер иесінің талантына тамсанып, дауысына тәнті болған. Осылайша жұрт әншіні мақтап, пікірлерін білдірген.
"Сенің де, ініңнің де дауысын ұнатамын. Өте керемет ән", "Іні мен әпкенің арасында керемет үйлесімділік бар", "Әбдіжаппардың дауысы керемет", "Әбдіжаппар керемет қазақи нақыштағы әнші. Меніңше өте әдемі, жүректі бір дегеннен баурап алатын ән", "Дауысыңнан айналдым, елдің еркесі", - деп жазды желідегілер.