Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Хакерлік шабуылды болдырмау үшін қазақстандықтардан смартфондарына арнайы сертификат орнатуды сұрады

Хакерлік шабуылды болдырмау үшін қазақстандықтардан смартфондарына арнайы сертификат орнатуды сұрады

Қазақстандықтардан ғаламторға кіру үшін қауіпсіздік сертификатын орнатуды сұрады. Tele2-ның кейбір абоненттеріне сертификат орнату туралы хабарлама келіп жатыр

Сертификат болмаған жағдайда интернет-ресурсқа кіру қиындық тудырады. Бұл туралы Kcell сайтында хабарланды. 
«Кселл» АҚ Kcell және аctiv абоненттеріне Интернетке қолжетімділігі бар дербес құрылғыларға «Қауіпсіздік сертификатын» орнату қажеттілігі туралы хабарлайды.
Дербес және есептік деректердің, сондай-ақ қазақстандықтардың банктік шоттарынан ақшаның ұрлану жағдайларының жиілеп кетуіне байланысты, ақпараттық кеңістікті хакерлерден, интернет-алаяқтардан және түрлі киберқауіптерден қорғаудың тиімді құралы болатын қауіпсіздік сертификатын енгізді.
Қауіпсіздік сертификатын енгізу ақпараттық жүйелер мен деректерді қорғауға, сондай-ақ еліміздің ақпараттық кеңістігі жүйесіне, жеке, соның ішінде банктік секторға интернет-алаяқтардың хакерлік, кибершабуылдарын зиян келтіргенге дейін анықтауға көмектеседі.
Қауіпсіздік сертификаты — бұл шифрлауды қолдайтын хаттамаларды қамтитын трафикті өткізу үшін қолданылатын электрондық цифрлық символдардың жиынтығы. Осылайша, ол Интернет желісінің қазақстандық пайдаланушыларын хакерлік шабуылдардан және заңға қайшы контентті көруден қорғауға мүмкіндік береді.
Компания абоненттерге ҚР «Байланыс туралы» Заңына және «Қауіпсіздік сертификатын беру және қолдану қағидаларының» 11-тармағына сәйкес Интернетке қолжетімділігі бар дербес құрылғыларға «Қауіпсіздік сертификатын» орнату қажеттілігі туралы хабарлайды Заңнаманың талаптарына сәйкес байланыс операторлары байланыс қызметтерін көрсетуге шарт жасасқан абоненттері арасында қауіпсіздік сертификатын таратуды қамтамасыз етеді.
Қауіпсіздік сертификатын орнату Интернетке кіру үшін қолданылатын әрбір құрылғыдан (iOS/Android негізіндегі мобильді телефондар және планшеттер, Windows / MacOS негізіндегі дербес компьютерлер және ноутбуктер) орындалуы қажет екеніне назарыңызды аударамыз.
Абоненттік құрылғыларда қауіпсіздік сертификаты болмаған жағдайда, жекелеген интернет-ресурстарға қол жеткізуде техникалық шектеулер туындауы мүмкін.
https://stan.kz
19 шілде 2019 ж. 762 0