Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық абоненттерге телефон нөмірлерін қалай тіркеуге болады?

Қазақстандық абоненттерге телефон нөмірлерін қалай тіркеуге болады?

Қазақстандық мобильдік операторлар өкілдері абоненттердің IMEI-код + SIM-картасы + ЖСН нөмірі бойынша тіркеу қалай жүретін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі операторлардың баспасөз қызметтеріне сілтеме жасап.“Билайн” компаниясы абоненттеріне нөмірлерін тіркеудің алты жолын ұсынады. Олар:
“Билайн” абонентінен ЖСН санын қысқа 6914 нөміріне жіберу;
*691# пәрменін теру;
6914 қысқа нөміріне қоңырау шалу. Жұмыс кестесі: 09:00-01:00
Кез келген қызмет көрсету және сату орталығына бару;
«Менің Beeline» қосымшасы арқылы ЖСН санын жіберу;
Qiwi терминалы арқылы бірлік құю кезінде форманы толтыру.
Сонымен қатар “Билайн” компаниясы абоненттеріне Казпошта арқылы тіркелуге мүмкіндік береді. Ол үшін *693*ИИН*010000*123456# пәрменін терсе болғаны, соңғы 12 сан пошта қызметкерінің табельдік нөмірі болып табылады. Аталған тіркеу жолы зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандардың нөмірлерін тіркеуге қолайлы екенін айтады.
Ал Билайн абоненттері өзінің IMEI кодын *#06# немесе *835# пәрмендерін теру арқылы біле алады және  «Менің Beeline» қосымшасындағы «Параметрлер» бөлімінен тіркелудің дұрыстығын анықтауға болады.
“Кселл” абоненттеріне тіркеудің екі жолын ұсынады. Біріншісі абоненттерге қажетті тіркеу туралы ақпараты 6006 нөмірінен СМС түрінде келеді.  Ол хаттамаға әр абонент өз ЖСН санын жазып жіберуі керек.
Егер мұндай хат келмеген жағдайда абонент өзі 6006 нөміріне ЖСН нөмірін жіберуге болады. Артынша одан әрі тіркеу үшін қабылданғандығы туралы хабарлама келеді.
Екіншісі *660# пәрменін теру арқылы тіркеуге болады. Ары қарай ЖСН нөмірін енгізу үшін жол ашылады сол кезде «Жөнелту» батырмасын басу керек.
“Теле2” абоненттері нөмірлерін тіркеу үшін компанияның офистеріне бару қажет. Өйткені көптеген нөмірлер клиенттердің атына тіркелген. Бұл қашықтықта IMEI кодты көруге мүмкіндік береді.
Ал ақпараты толық енгізілмеген абоненттерге жақын арада тіркелу жөнінде хабарламалар таратылады. Сонымен қатар Веб-сайтта және мобильді қосымшада онлайн тіркелу функциялары болады.
Естеріңізге салсақ, ІІД телефондарын тіркемеген қазақстандықтардың байланыссыз қалатынын ескерткені туралы жазған болатынбыз
Stan.kz​​​
24 қазан 2018 ж. 1 872 0