Донорлықтан бас тарту жүйесі өзгеретін болады

Министр жаңа жүйені енгізудегі қиындықтарды да түсіндіріп, оны шешудің жолдарын қарастырып жатқанын айтты. Ержан Біртановтың сөзінше электронды тіркелудің бірнеше нұсқалары қарастырылу үстінде.
"Бірақ адамдар өздері ауруханаға келіп, шешімдерін тіркеуі шарт. Өткені бізге бәрібір бас тартқаны туралы қағаз жүзіндегі дәлел қажет. Немесе ЭЦП арқылы тіркеуге де болады. Қазір бұл сұрақ қарастырылуда. Алайда, туысқандарға қатысты да шешілмеген сұрақтар туады. Біз өзіміздің менталитетіміз тұрғысынан қарайтын болсақ, бұл дұрыс емес", - дейді министр.