Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Асүй ханшайымына қажет кеңестер

Асүй ханшайымына қажет кеңестер

Әрбір үй ханшайымының өз ас бөлмесінде қолданантын амал-тәсілдері болады. Сүйікті тағамды дайындағанда қолданатын түрлі қулықтар мен асүйге қажет кеңестерді назарларыңызға ұсынамыз. • Кеуіп кеткен ірімшікті 20 минут сүтке салып алса, қайта қалпына келтіруге болады. • Пияз турағанда екінші бөлігі қалып қойса, кескен тұсына май жағып қою керек, сонда балғындығы сақталады. • Картопты қайнатқанда аскөк, пияз немесе 2 тіс сарымсақ салып жіберсе, дәмі ерекше болады. • Жемістерді пластмасса тақтайға тураған дұрыс, себебі ағаш тақтай шырынды бойына сіңіріп алады. • Үрмебұршақты суға қайнатқанда аздап өсімдік майын тамызса жұмсарады әрі дәмі кіреді. • Гүлді қырыққабатты қайнатқанда қарайып немесе түсі кетіп қалмас үшін 1 шай қасық қант салу керек. • Бауырды пісірмей тұрып, бірінші сүтке салып алса дәмі тіл үйіреді. • Етті пісірер алдында ұзақ уақыт суға салмайды. • Цитрусты жемістерді 5 минут ыстық суға салып алса, көп шырын шығады. • Картоптан ботқа жасағанда ыстық сүт құйған дұрыс. • Жеміс-жидектерді сүйегінен тез ажырату үшін мұздатқышта біраз ұстау керек. • Қышқыл жемістерден шырын дайындағанда бір шымшым сода қосып жіберсе, дәмі кіреді. • Алюминий ыдыстың құрамында қышқыл көп. Егер оған жидектерді қайнатса, тосаптың түсі өзгереді. • Қаймақтың сапасын анықтау үшін, 1 стақан ыстық суға 1 шай қасық қаймақ салып араластырады. Жақсы қаймақ сумен тез араласып кетеді, ал сапасыз өнім түбінде шөгіп қалады. • Ірімшікті мұздатқышта сақтаса, балғындығы кетеді. • Тұздалған қырыққабат пен қиярды сорпаны ыдысқа құяр алдында салса, дәмі керемет сақталады. • Ақжелкен мен аскөкті газеттің ортасына салып сақтаса, түсін сақтап қалады әрі жақсы кебеді.
https://massaget.kz

31 шілде 2019 ж. 1 106 0