Компот қайнатудың қағидалары

Компот қайнатудың қағидалары – Компотты жәй отқа аздаған уақыт қайнатып болған соң, отты өшіріп, бірнеше сағат бұқтырып қою керек. Осы қағиданы орындаған жағдайда жеміс бойындағы дәрумендер мен басқа да пайдалы заттарды сақтап қалуға болады. – Компотқа арналған жемістерді бірдей етіп кесіңіз, қайнатқан кезде біркелкі жібиді. – Жемістерді қайнап жатқан суға саларда лимон қышқылын қоссаңыз, дәрумендер жақсы сақталады. – Компотты қайнату уақыты әртүрлі: алма мен алмұрт үшін 35-40 минут, қалған жемістерге 15 минут жеткілікті. – Компотты дайындаудың тағы бір жолы: дайындалған жеміс-жидектерге қант сеуіп, қайнап тұрған суды құясыз да, 10-12 сағат бұқтырып қоясыз. – Компот дайындауға болмайтын жемістер: құрма, анар, айва және банан. – Компотты 2-14 °С температурадағы тоңазытқышта сақтаған дұрыс. Мұздатқышта қатырып бір айға дейін сақтауға болады.