Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТУДІҢ 15 ЕРЕЖЕСІ

ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТУДІҢ 15 ЕРЕЖЕСІ

Егер өмірде көптен ерекше болып, жетістіктің шыңын бағындыруды қаласаңыз, мына кеңестерге құлақ түріңіз. 1. Ешқашан теледидар көрмеңіз. 
2. Сізге қиянат жасаған адамдарға қайтып бармаңыз. Олар өзгермейді. 
3. Ойыңызға тың идея келсе, оны біреумен бөлісуге асықпаңыз. Өмірде тек идеяны жүзеге асырушылар ғана табысқа кенеледі. 
4. Кездесуге кешігіп жатсаңыз, міндетті түрде алдын ала хабарласыңыз. 
5. Біреудің мақсатына күлмеңіз. Алдымен өз арманыңыз туралы ойланып көріңіз. 
6. Тек шындықты айтыңыз. Сонда ешнарсені ойдан құраудың қажеті болмайды. 
7. Өсек таратпаңыз. Ол жақсылыққа алып келмейді. 
8. Қоғаммен сыпайы араласыңыз. 
9. Өз қателіктеріңізді мойындай біліңіз. 
10. Үнемі шағымданудан аулақ болыңыз. Біреудің проблемасы сізден басқа ешкімге актуалды емес. 
11. Қандай жағдай болса да тек қана алға ұмтылыңыз. 
12. Сергек жүру үшін уақтылы ұйықтаңыз. 
13. Қатты ренжісу кезінде де адамға жамандық тілемеңіз. Қайта бір-біріңізді түсінуге тырысыңыз. 
14. Кез келген күнді ең күрделі ісіңізден бастаңыз. Оны аяқтасаңыз, қалғаны аса үлкен қиындық тудырмайды. 
15. Ешкім ешкімге міндетті емес. Бұл сөзді ұмытуға тырысыңыз.
reactor.inform.kz
04 тамыз 2019 ж. 829 0