Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Дәрігерлер абрикос ең пайдалы жеміс екенін мәлімдеді

Дәрігерлер абрикос ең пайдалы жеміс екенін мәлімдеді

Жазғы уақытта адам ағзасына ең пайдалы, әрі қажетті жеміс абрикос деп атады дәрігерлер. Айтуынша, абрикосты күнде жеп тұрсаңыз, көптеген аурулардан арыла алады екенсіз, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мамандар абрикосты жүрек-қан тамыры аурулары мен бүйрегі ауыратын адамдарға күнделікті жеп отыру керектігін айтады. Сонымен қатар, жүкті әйелдерге абрикос жемісін көп жеуге кеңес береді.
Абрикос аз калориялы және пайдалы витаминдерге бай жеміс. Ол холестеринді азайтып, ағзаны артық нәрселерден тазалайды дейді.
Диетологтар да артық салмақтан арыла алмай жүргендерге абрикос жеуді ұсынды. Одан бөлек абрикос адамның көңіл-күйін көтеріп, қобалжуды азайтады екен.
https://stan.kz/darigerler-abrikos-en-paydali-zhemis-ekenin-malimdedi-320391/
07 тамыз 2019 ж. 1 791 0