Ерекше есім иелері
Адам өмірінде есімнің маңызы ерекше. Қазақ халқы баласына ат қоярда, сол есімге сай, оған жүктелетін жауапкершілікті де ойлап, сақтықпен қараған. XX ғасырдың басынан адам есімін зерттеумен айналысатын антропонимика ғылымының мамандары мен психологтар адамның атымен бірге оның тағдыры жазылады деген ортақ пікірге тоқталған.
Статистика мәліметіне сүйенсек, жалпы аудан бойынша 2018 жылы 1038 сәби дүниеге келсе, 2019 жылы саны – 1065-ке көбейген. Ауданда 2019 жылы туған сәбилер арасында ең көп таралған есім қыз балада Аида, Інжу, Кәусар, Айнұр болса, ер бала арасында Алинұр, Алихан, Әбілмансур, Әбубәкір екен.
Қазіргі кезде неше түрлі ерекше есімдер кездесіп жатады. Олардың ішінде қыз балада Кенжекейсұлу, Айқаракөз, Нұрлытаң, Хадиджа болса, ал ер бала арасында Мұхаммед-Әли, Мұханбетшәріп, Әбу-Бәкір, Ханболат, Сәуелхан, Байқазақ осы есімдер өзгешелігімен бірден байқалады.
Ал бізде есімі 14 әріптен тұратын қала тұрғыны барын біреуіңіз білсеңіз, енді екіншіңіз естімеуіңіз мүмкін. Әбубәкірсыддық Нұрмұхаммедұлы 3-ші сынып оқушысы. Есімін Құран кітаптан сақабалардың есіміне байланысты немере ағасы қойған. Өскенде аты затына сай, еліне елеулі азамат болсын деп азан шақырып қойған екен. Оны жақындары еркелетіп Абука дейді.
Жалпы кісі есімінің оның өмір жолына әсері бар деген әңгіме жиі айтылады. Сондықтан ата-ана есім таңдауда талғампаз болғаны жөн. Ес біле бастаған балаға есімінің мағынасын түсіндіріп, санасына сіңіре білу қажет. Американдық зерттеушілер мынадай қорытындыға келген. Кісі есімі қаншалықты мағыналы болса, өмірі де солай өріледі. Сонымен бірге адам атына байланысты дүниенің түкпір-түкпірінде мынадай қызықтар кездеседі.
Әлемдегі ең ұзақ есім 1478 әріптен құралған. Оны оқу үшін он минут уақыт кетеді. Есімнің ішінде тарихи орындар мен танымал дипломаттардың және дінтанушылар мен ғалымдардың есімі кездеседі. Танымал суретші Пабло Пикассо көпшілігіңізге таныс шығар. Суретшінің толық аты-жөні 93 әріптен құралған, яғни Пабло Диего Хозе Франциско де Паула Хуан Непомукено Криспин Криспиано де ла Сантисима Тринидад Руиз и Пикассо. Қазақта «Баланың атын ұлық қой, көтере алса ұлық болсын» деген аталы сөз бар. Жұртшылық болмаса да ұқсап бақсын деп Абай, Шәкәрім, Бауыржан секілді ұлтымыздың ұлы тұлғаларының есімін қояды.
Сонымен бірге ауданда да кісі есіміне қатысты қызықты дерек кездеседі. Мәселен еліміз бойынша екі-ақ адамға тиесілі "Нұрлытаң" атты бүлдіршін Арал қаласында тұрады. Қазір бүлдіршіннің жасы екі жарымда. 2016 жылы тәуелсіздік мерекесі қарсаңында өмірге келген Нұрлытаңның атын әжесі Дәрмен ырымдап қойыпты. Дәрмен апайдан немересінің ерекше есімі жайында сұраған едік.
– Бұл есімді мен сол кезде теледидардан естідім. Журналистер тәуелсіздік мерекесінің қарсаңында өмірге келген сәбидің есімі Нұрлытаң екенін айтып, мұндай есім елімізде біреу-ақ екенін жеткізді. Бұл ат маған қатты ұнады. Сол күнгі хабардан кейін екі-үш күннен соң біздің отбасымызға кестетігер келді. Келінім босанғасын өзіме ұнаған атты немереме қоюды жөн санадым. Жалпы қазақ есімге ерекше мән берген. Сол салттан таймай мен де немеремнің жолы ашық болсын деп ырымдадым, – деді. Аралдық Нұрлытаң тәуелсіздігіміздің жиырма бес жылдығы қарсаңында өмірге келген.
Жалпы қазақ халқы сәбиге есім таңдағанда шариғаттан алыстамаған. Діни жолмен жаңа туған нәрестеге үш күннің ішінде азан шақырып, ат қоятын болған. Бұның арғы жағында басқа дүниеде жан мен тән адасып қалмасын деген ырым жатыр. Яғни сәбидің құлағына есімін үш рет дауыстап айтудың сыры осында. Исламда әке мен шешенің баласының алдында үш міндеті бар. Туғанда жақсы ат қою, дінге тәрбиелеу, үйлендіру.
Жалпы қазақ танымында ат қоюға қатысты ырым көп. Соның ішінде ерекшелерін айта кетейік. Мәселен бала туысымен ең алғаш кездескен кісінің атын қою бұрындары жақсы ырым саналған. Сондай-ақ ата-бабамыз көз тимесін, өмірі ұзақ болсын деген ниетпен жаңа туған нәрестеге әдейі түпкі мағынасы сыйықсыз есімдерді де қойған. Мұндай дәстүр қазақта ғана емес, орыста да болыпты. Әсіресе осындай есімді көп жыл бала сүйе алмай жүргендерге тұрақталсын, көз тимесін деп қоятын болған. Ал екі есімді бірдей арқалап жүретін яғни, азан шақырып қойған аты бөлек, отбасында басқаша есіммен аталатын адамдар да бар. Мысалы, Шыңғыс атамыз ұлы Шоқан өмірге келгенде, Сегізсерідей әрі ақын, әрі батыр болсын деп есімін Мұхаммед-Қанапия қойған. Алайда, елге Шоқан есімімен танылды.
Қорыта келе қазақ есімге қатысты ерекше нанымды қалыптастырды. Тіпті қазір кісі есімі арнайы зерттеу нысанына айналды десек болады. Тіпті тілдік тұрғыдан талдау арқылы ұлттық таным мен түсінікті аңғаруға болады. Қалай десек те есім адамның ажырамас серігі.
Ақтоты Шынықұл