Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 4 қыркүйек. ҚазАқпарат күнтізбесі

4 қыркүйек. ҚазАқпарат күнтізбесі

Халықаралық тхэквондо күні
Бүкіләлемдік тхэквондо федерациясы 2006 жылы Хошиминде (Вьетнам) өткен Бас ассамблеяда бекітті. Бұл датаның таңдап алынуы кездейсоқ емес, өйткені 1994 жылы дәл осы 4 қыркүйекте Халықаралық олимпиада комитеті  тхэквондоны олимпиадалық спорт түрлері қатарына қабылдаған болатын. Алғаш рет тхэквондо бойынша жүлделер 2000 жылы Сиднейдегі жазғы Олимпиада ойындарында сарапқа салынды.
2009 жылы БҰҰ-ның Қазақстандағы даму бағдарламасы және «Самұрық-Энерго» АҚ елімізде жел және күн электр станцияларын салу жобаларын іске асыру үшін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
2009 жылы Астанада алғаш рет әкімдік алдындағы алаңда «Халықтар достығы-2009» V Халықаралық автошеруІ басталды.
Шара «Mercur Auto», «Volkswagen AG» компанияларының қолдауымен ұйымдастырЫЛды.  Астана - Бурабай - Көкшетау - Қостанай - Ақтөбе - Орал бағыты бойынша өткен маршруттың жалпы ұзындығы 2086 шақырымды құрады.
2010 жылы ТМД және Балтық елдерінің 14-ші ұлттық кинематография  форумында қазақстандық режиссер Рашид Нұғмановтың «Игла.Ремикс» туындысының тұсаукесері болды.
«Игла» филіміне режиссердің ертеде түсірілген материалдары, сондай-ақ комикстер, графикалық элементтер қосылды.
2013 жылы  Қазақстан Санкт-Петербургтағы «Жиырмалық топ» саммитіне ЕурАзЭҚ, Кедендік одақ және ТМД өкілі ретінде шақырылды.
2013 жылы  Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ЭКСПО-2017 көрмесі кешенінің эскиз-идеясын таңдау жөніндегі архитектуралық конкурстың нәтижесімен танысты. Қазақстан Президентіне көрменің өлшемдеріне анағұрлым сай келетін жобалар ұсынылды. Нұрсұлтан Назарбаев таңдап алынған эскиз-идеяларды қарап шығып, олардың әрқайсының жақсы жақтарын атап өтті.
2016 жылы  Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытайдағы G20 Саммитіне қатысып, сөз сөйледі. Жиналғандарға арнаған сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев G20 саммитінің үмітке толы күрделі кезеңде өтіп отырғанын атап өтті.
Нұрсұлтан Назарбаев G20 саммиті аясында екіжақты кездесулер де өткізді. Атап айтқанда, Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті В.Путинмен, Франция Президенті Ф.Олландпен, Германияның Федералды канцлері А.Меркельмен, Америка Құрама Штаттарының Президенті Барак Обамамен және т.б. кездесті.
2016 жылы  елордада Астана Марафон халықаралық деңгейдегі ауқымды спорт шарасы - қайырымдылық марафоны басталды. Іс-шараға 4500 адам қатысты. Соның ішінде әлемнің 25 елінен (АҚШ, Франция, Италия, Жапония, Австралия, Германия, Иран, Ирландия, Бельгия, Ресей, Бразилия, Эстония, Қытай, Оңтүстік Корея, Түркия, Грекия, Канада, БАӘ, Нидерланд және басқа да елдер) келген спортшылар болды.
https://www.inform.kz/kz/4-kyrkuyek-kazakparat-kuntizbesi_a3559815
04 қыркүйек 2019 ж. 647 0