Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 18 қыркүйек. ҚазАқпарат күнтізбесі

18 қыркүйек. ҚазАқпарат күнтізбесі

Бүкіләлемдік суды мониторингілеу күні
Американың Таза су қорының бастамасымен 2003 жылы, адамдардың су ресурстарын ластанудан қорғау туралы хабардар болуы үшін бекітілді. Халықаралық электронды кітап күні
Электронды кітаптардың, аудиокітаптардың, музыка және видеолардың цифрлық дистрибуциясымен айналысатын OverDrive америкалық компаниясының бастамасымен жыл сайын атап өтіледі. Компания 1986 жылы құрылған болатын.
1975 жылы Алматы облысында Қазақстан нарығында фарфор өнімдерін шығаратын жалғыз кәсіпорын - Қапшағай фарфор зауыты іске қосылды. 1992 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің жанынан «Қазақстан» мемлекеттік телерадиокомпаниясын құру туралы Жарлыққа қол қойды. Президенттің өкімімен «Қазақстан» мемлекеттік телерадиокомпаниясының төрағасы болып Шерхан Мұртаза тағайындалды.
1998 жылы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және Мемлекеттік қызмет академиясы құрылды.
2006 жылы Алматыда 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының 20 жылдығына арналған «Тәуелсіздік таңы» ескерткішінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Оған Мемлекет басшысы, сондай-ақ белгілі қоғам қайраткерлері, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысушылар, «Желтоқсан» қозғалысының мүшелері, саяси партиялардың, қоғамдық ұйымдар мен ұлттық-мәдени орталықтардың өкілдері қатысты.
2014 жылы Алматы облысында Халықаралық бокс қауымдастығының Дүниежүзілік бокс академиясы ашылды. Дүниежүзілік бокс академиясы Іле Алатауы баурайында бой көтерген. Экологиялық таза аймақта салынған ғимарат 29 мың шаршы метр жерді алып жатыр.
2015 жылы Атбасар қаласында көрнекті жазушы Ілияс Есенберлинге ескерткіш қойылды. Оған кеткен қаражатты аудан тұрғындары (12 млн теңге) және І. Есенберлиннің туыстары (16 млн теңге) жинады.
2016 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің жеке домбырасы мен есімі аңызға айналған қазақ күйшісі Дина Нүрпейісоваға арналған «Дала әуендері» мүсінін Алматы қаласында орналасқан мультимедиалық дәстүрлі музыка орталығына тарту етті.
2016 жылы Алматы қаласында жаңа «Алматы Арена» мұз сарайы ашылды. 12 мың адамға арналған мұз аренасы жаңа заман талаптарына сай тұрғызылған теңдессіз нысандардың бірі.
2017 жылы қазақстандық жеңіл атлет Ольга Рыпакова Ашхабадта өткен жабық кешендегі V Азия ойындарында ұзындыққа секіруден алтын медальды жеңіп алды.
2017 жылы Балқаш қаласы 80 жылдық мерейтойын тойлады.
2017 жылы қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге WBC президенті Маурисио Сулейман ұйымның «Канелоға» қарсы жекпе-жекке арнайы әзірленген белдігін тапсырды.
https://www.inform.kz/kz/18-kyrkuyek-kazakparat-kuntizbesi_a3565896
18 қыркүйек 2019 ж. 825 0