Адамда судың жеткіліксіздігі ағзаны өлтіреді

«Ең бастысы, бұл зерттеуге ғарышкердің қатысып жатқаны қуантады. Айдын Айымбетовке зерттеу туралы айтқанда, келісті... Жеңіл су деп айтқанымызбен, оны зерттеу «ауырлау» болды. Біз бұған дейін айтып жүрген пайдалы су – тағы айтқым келеді, ол – жеңіл су. Біз Америкада болғанда күнде тісті қалай жуу керек туралы айтады. Иә, біз де жеңіл судың пайдасы туралы айта беруіміз керек. Ең алдымен, «сусыз өмір жоқ», бұл – аксиома. Судың жеткіліксіздігі – ағзаның жұмысын қиындатады, кейін оны өлтіреді. Жеңіл су ДНК-ны құтқарады», - деп ғалым суды күнделікті жеткілікті мөлшерде ішуге кеңес берді. Айта кетсек, қазір Нұр-Сұлтанда жеңіл судың адам өмірінің сапасына әсері туралы еліміздегі алғашқы зерттеуге байланысты конференция өтіп жатыр.