Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоқаев сенбілікке қатысып, көшет отырғызды

Тоқаев сенбілікке қатысып, көшет отырғызды

  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Бірге Жасыл Қазақстан» шарасының аясында Ботаникалық бақта ағаш отырғызып, сенбілікке қатысушылармен сұхбаттасты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. 


  "Шараға премьер-министр Асқар Мамин, үкімет мүшелері, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, спортшылар мен оқушылар қатысты. Көгалдандыруға арналған сенбілік барысында Ботаникалық бақта 300 көшет отырғызылды", - делінген хабарламада.

  Жалпы бүгін Елорда көшелері мен саябақтарында 5 мың ағаш егіліп, қала ажарын арттыра түспек. Сонымен қатар биыл күзде «Экологиялық сағат» шарасының шеңберінде еліміз бойынша қосымша 1 миллионға жуық көшет егіледі.
12 қазан 2019 ж. 608 0