Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Баяу жүріс мидың ерте қартаюына әсер етеді

Баяу жүріс мидың ерте қартаюына әсер етеді

  Американың Солтүстік Каролина штатындағы Дьюк университетінің ғалымдары баяу жүрістің мидың ерте қартаюна әсер ететінін анықтаған деп хабарлайды Lenta.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ
  Ғылыми жұмыстың нәтижелері JAMMA Network сайтында жарияланған. Зерттеуге 900-ден астам адам қатысты. Тест өткізу кезінде олардың жасы 45-те болды. Әрқайсының денсаулықтарын 3 жасар кезінен бері бақылап келген.
  Зерттеушілер жас кезінде интелект деңгейі төмен, тілдік қабілеті және моторикасы нашар болған адамдарда орта жасқа келгенде баяу жүру үрдісін байқаған.
  Ғалымдардың айтуынша, баяу жүретін адамдардың миының көлемі және ми қыртысының тығыздығы кішірек. Сондай-ақ оларда ұсақ тамырлар ауруымен байланысты белгілер байқалған. Мамандар осының барлығы мидың ерте қартаюын білдіретінін атап көрсетті.
13 қазан 2019 ж. 944 0