Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ғалымдар мәтінді жылдам терудің құпиясын ашты

Ғалымдар мәтінді жылдам терудің құпиясын ашты

Аалто университетінің ғалымдары (Финляндия) қажетті мәтінде қалай жылдам теруге болатынын түсіндірді. Олардың жүргізген зерттеулерінің нәтижелері Sciency Daily журналында жарияланды, деп хабарлайды Lenta.ru.

Зерттеуге 200 елден арнайы сайтқа тіркелген 169 мың адам қатысқан.

Арнайы бағдарлама мәтінді теру жылдамдығы мен басқа да сипаттамаларды талдап берді. Пернетақта түймешелерінің барлығы 136 млн рет басылуы талданды. Сонымен қатар еріктілер өздерінің жынысы, жасы, кәсібі туралы деректерді ұсынды.

Мәтінді неғұрлым жылдам теретін жандар қателерді аз жіберетіні аныталды. Баяу теретіндер өздері жіберген қателерді іздеуге және түзетуге көп уақыт жұмсайтын болып шықты.

Мәтінді жылдам терудің тағы бір ерекшелігі – бір мезгілде бірнеше түймешені қатар басу. Жылдам теретін жандар кезекті символды қажет уақытынан ерте басып енгізеді. Символды олар алдыңғы әріпті немесе санды тере салысымен енгізеді.
Қазіргі таңда адамның мәтінді теру жылдамдығының орташа көрсеткіші – минутына 52 сөз. Ғалымдар атап өткендей, бұл 1980 жылдардағы машинистердің жылдамдығынан әлдеқайда төмен көрсеткіш, ол кезеңде адамдар орта есеппен минутына 60-90 сөз, ал тәжірибелі іс жүргізушілер – 120 сөзге дейін теретін болған.

Ғалымдар осы зерттеу материалдары негізінде бірнеше ұсынымдар қабылдады. Бұл – қате жібермеуге тырысу, себебі қатені түзетуге көп уақыт кетеді; қажетті түймешені алдын ала басу қажет; қарамай теріп үйрену, себебі бұл әдіс жіберген қателерді түзету үшін жеңіл.

Сонымен қатар,ғалымдар пайдалы дағдыны жоғалтып алмау үшін мәтінді жылдам теріп жаттығуға кеңес береді.
 reactor.inform.kz
07 сәуір 2018 ж. 1 243 0