Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Таңғы алтыда тұрудың алты себебі

Таңғы алтыда тұрудың алты себебі



"Ерте тұрған еркектің ырысы артық, ерте тұрған әйелдің бір ісі артық", - дейді дана халқымыз. Белгілі блогер Эгоза Эйха 2 жыл бойы таңғы алтыда тұрып келеді. Бүгін ол ерте тұрудың ерекше әсерлерін бөлісуді жөн көріп отыр. Ендеше таңғы алтыда тұрудың алты себебімен таныс болыңыздар. 

1. Өз-өзіңізді реттеуге уақыт болады 

Көп адамның күнделікті бір тәртібі болмағандықтан, алға қойған мақсаттарын жүзеге асыра алмай жатады. Егер күніңіздің тең жартысы ұйқымен өтсе, онда сіз өз мақсатыңызды ойыңызға да алмауыңыз мүмкін. Өздеріңіз білетіндей күннің бірінші жартысында сіздің миыңыз жақсы жұмыс істейді. Сондықтан сол уақытты өміріңізге пайдалы нәрселерге арнаған дұрыс. 

[✅]  2. Күніңізді жоспарлауға уақыт болады 

Егер жұмысқа бармастан бұрын күніңізді жоспарлап алсаңыз, онда уақытыңызды да тиімді пайдаланасыз. Құрдан-құр уақыт өткізбей, өзіңізге тиесілі нәрселермен айналысуға мүмкіндік аласыз. Сол себепті ертеңгі күніңізді ұйықтар алдында жоспарлап қойғаныңыз абзал. Ал шаршаған кезде сіздің ойлауға да мұршаңыз болмайтынын ұмытпаңыз. 

✅ 3. Таңертең өз-өзіңізге уақыт бөле аласыз 

Ұйқыдан тұрған бойда кеңсеге асығудың қажеті жоқ. Егер сағат алтыда тұратын болсаңыз, жұмыс басталғанға дейін бірнеше сағат уақытыңыз болады. Ал ол уақытты тиімді пайдаланып, спортпен шұғылдануға, басқа заттармен айналысуға да мол мүмкіндік ала аласыз. Естеріңізге сала кетейік, ерте тұрып жаттығу жасаған адамның ағзасына эндорфин гормоны бөлінеді. Ол адамдарға ерекше күш-жігер беріп, күні бойы көңілді жүруге көмектеседі. 

✅ 4. Таңғы асыңызды ішіп шығасыз 

Таңғы асты тастауға болмайтынын бәріміз жақсы білеміз. Егер оқуға немесе жұмысқа бірер сағат бұрын тұрсаңыз, онда міндетті түрде үйіңізден таңғы ас ішіп шығыңыз. Джон Хопкинс университетінің жанынан ашылған Блумберг денсаулық сақтау мектебі таңғы астың адам денсаулығына пайдасы мол екенін айтады. Ал таңғы асыңызды тастап кетсеңіз, еш нәрсеге зауқыңыз соқпай, күні бойы көңілсіз жүресіз. 

✅ 5. Табысты адамдардың көбі ерте тұрады 

New York Magazine журналы өзінің бір мақаласында оқырмандарға Twitter әлеуметтік желісін құраушы Джек Дорси туралы айтқан болатын. Ол өз жұмыс күнін таңғы 5:30-да тұрып бастайды екен. Сол секілді Apple компаниясының бас директоры Тим Кук таңғы 4:30-да тұрып, әріптестерінің электронды хаттарына жауап жазатын болған. Ал әйгілі Virgin Group-тің негізін қалаушы Ричард Брэнсон Business Insider баспасына берген сұхбатында 5:45-те тұрып, жұмысқа кірісетінін айтты. 

 6. Бәрінен 2 қадам алда жүресіз 

Ерте тұруды әдетке айналдырсаңыз, өзіңізге деген сенім қалыптаса бастайды. Сіздің қаншама бәсекелестеріңіз ұйықтап жатқанда сіз біраз нәрсе тындырып үлгересіз. Таңғы сегізге дейін барлық жайсыз жағдайды шешіп қойсаңыз, күніңіз керемет өтетініне күмәніңіз де болмасын. Сонымен қатар сізді ешқандай стресс, депрессия секілді сары уайымға салынатын заттар мазаламайды. 

Тағы бір ескере кететін жайт, егер күндегі уақыттан екі жарым сағат бұрын ерте тұрсаңыз, күніне 150 минут жұмыс уақытын ұтасыз. Ал ол дегеніміз аптасында 17 жарым сағат, айына - 70 сағаттан астам уақыт, жылына - 840 сағат. Таңдау өзіңізде!
reactor.inform.kz​​​
14 мамыр 2018 ж. 2 180 0