Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Шылым шегудің тері мен дене мүсініне әсері

Шылым шегудің тері мен дене мүсініне әсері


Егер сіз сымбатты әрі сұлу болу үшін шылым шегетін болсаңыз, онда бұл қателік екендігін түсінген жөн. Ең дұрысы, сіз қалаған сымбатты мүсінді ең алдымен шылым шегуді тастау арқылы қол жеткізе алатыныңызды түсіну қажет.  Шылым шегу теріңізді құрғатып, оның отегімен  қоректенуіне кедергі келтіретіндігін қаперіңізден шығармаңыз.



Шылым шегудің мынадай да кері әсерлері бар:

Тері тез тозады
Күн сәулесінің теріс әсері, нашар экология өздігінен-ақ теріңіздің тозуына септігін тигізеді. Ал бұл процестің никотинмен араласуы оны одан әрі үдете түседі. Шылым шегу барысында біздің өкпемізде триллиондаған еркін радикалдар пайда болып, олар терінің ерте тозуына әсер етеді. Бұған қоса, бірдей жастағы екі адамды салыстырар болсақ, онда шылым шегетін адам біршама қартаң көрінеді.

Егер шылым шегу әдетіңізден арыла алмасаңыз, онда еркін радикалдармен күресуге септігін тигізетін антиоксиданты бар құралдарды үздіксіз пайдалануға кеңес беріледі. Бұл ретте Farmacia Antioxidants пен Christian Dior Capture First Action (бұл құралдар әжімге, көздің астындағы шеңберлерге, терінің шаршауына қарсы бағытталған), Molton Brown Skinboost Nourishing Tonic (теріні өмірлік энергиямен толықтыратын дәрумендер мен минералдары бар және беттің салауатты түсін сақтап тұруға септігін тигізеді) тониктерін пайдаланған өте тиімді.

Коллагеннің күрт азаюы
Темекі түтінінде басым бөлігі қанға сіңіп, сол арқылы терінің құрылымдарына дейін жететін шамамен 4 мың токсин бар. Шылым шегу терінің беткі қабатындағы қан тамырларының тарылуына әсер етеді. Соның салдарынан тері оттегімен қажетті деңгейде байытылмайды, коллаген деңгейі төмендейді. Осы себептен шылым шегетін адамдарға терігі күтуге арналған оттегі құралдарын, сонымен қатар құрамында коллагені бар (мысалы Nivea Visage Age Reversal Intense Rejuvenating Cream, Cellfood) құралдарды пайдалануға кеңес беріледі.

Терінің жұқаруы
Әдетте шылым шегетін адамдардың терісі мұндай жат әдеті жоқ адамдарға қарағанда біршама жұқа болады. Оған қан айналымының нашар болуы себеп. Барынша жұқа бетте қартаю белгілері біршама ертерек көрініс табады. Бұл проблеманы терінің қалыңдауына және барынша икемді болуына септігін тигізетін құралдар көмектесе алады.

Дене мүсінінің өзгеруі
Шылым шегу арықтауға септігін тигізеді деген пікір бар. Іс жүзінде шылым шегу гормондық деңгейде іркілістің орын алуына түрткі болып, эндокринді жүйенің жұмысына теріс әсер етеді. Ал бұл дене мүсінінің теңгерімсіздігіне алып келеді: денеңіздің кейбір жерлері шынымен де арықтап, ал кейбір жері толып кетеді (орнын басу жүреді). Егер темекіге құмарлығыңыздың басты себебі арықтауға деген ниет болса, онда өзіңіз үшін спорт түрін таңдағаныңыз жөн. Спорт сауалатты арықтауыңызға көмегін тигізіп қана қоймай, бұлшық еттеріңіздің күш-қуатын арттыруға да мүмкіндік береді.
 ​reactor.inform.kz​​​
04 маусым 2018 ж. 1 859 0