Жұлдыз жорамал: 30 шілде
Балықтар
Өткен күндердің көленкелері қайтадан оралуда. Басқа жанға бола сізді тастап кеткен адам қайтып оралады, оны қабылдамаңыз. Арам ойы бар. Нақты өзі келмесе де, қайтып оралғысы келген ойы бар. Ол адамнан аулақ болыңыз, өміріңізге үлкен өкініш алып келейін деп тұр! 1 алдап кеткен адамға 2 ші рет сену әрине өте қиын екенін білемін. Өзіңіз оны жиі бақылаңыз, бір ағаттық жасады ма, кешірмеңіз. Қазір балықтарды бір адамдар сырттай сымбаттылығына тәнті болып жүр. Сізбен махаббат оқиғасына батқысы келеді... Өте керемет күндер әлі алда... Еш мұңаймаңыз!!!
Суқұйғыш
Бүгін Суқұйғыштар алдына ең маңызды мақсатты қойды. Сол мақсатыңызға жетпей еш берілмеңіз. Махаббатты уақытша ұмыта тұрып, біліміңізді әрі қарай дамытуға тырысыңыз. Жұмысыңызда да шаршап жүрсіз. біраз тынығып, өз өзіңізге келіп қайта аяғыңызға тік тұрып, өте батыл, әрі мықты екеніңізді көрсетіңіз. Сізді қазір көп адамдар жақын біле бермейді. Сіздің бойыңызда керемет қасиеттерді білсе барлығы сізден дос болатын еді... Әттең сізде көп ашыла бермейсіз. Бірақ олда дұрыс, сырыңызды кейде ішіңізде сақтайсыз, кейде біреулермен бөлісесіз... Соңғы уақыттарды сәттілік сізбен бірге...
Тауешкі
Бүгін адамдарға қамқор болуыңыз тиіс! Бүгін көп адам жыныңызға тиеді, олармен ұрыспай, сабыр сақтап, үндемей өтіп кетіңіз. Ертен сол адамдар сізге керек болып қалады. Сол кезде керегін олардан аласыз, ал олар сізге үндемей көмегін береді. Тауешкілер сіздер мақсаттарыңызға жетпей берілмейтін жансыздар. Біреу достарыңызды ренжітте ме, қалай болғанда да досыңызды алдына ренжіткен адамды тізерлеп отырғызып кешірім сұратасыздар. Өте батыл жансыз. Не болсада, достарыңызды еш тастамаңыз. Сіздің қасыңыздағы нағыз достар!!!
Мерген
Сіздің жетістіктеріңіз оңайшылықпен келген емес. Бірақ мұны тек сіз білесіз, басқалар сізді дайынға келген деп ойлауда. Артыңыздан өсектер тасып жүрген адамдар көп, оларға мән бермеңіз, сонда олардың жынын келтіресіз. Қайда... әлі талай жетістіктерге жетесіз. Сол кезде көп адамдардың іші кәдімгідей күйетін болады. Себебі олар сізге сенбеді. Мергендер қасынан табыла білген адамды өмір бойы ұмытпайды. Сіздер ойлайтын шығарсыздар, Мергендер тек көмек керек болған кезде ғана хабарласады деп, жоқ... Мергендермен араласып қараңыздар. Олар өте керемет әрі ақкөңіл жандар.
Сарышаян
Cіз үздік екеніңізді біліп пайдалана бермеңіздер! Бір күні ессіз сүйіп қаласыз, сол кезде көрерміз! Сіздей адал жан жоқ шығар! Осы санаулы ғұмырда жүрегі мейірімге толы Сарышаяндарды бағалай білейікші. Ешқашан ренжіспей, тек сыйласып, жақсы көрейік. Сізді қазір көбісі жақсы көремін деп айтпасада көп адамдар ұнатады... Көңіліңіз еш түспесін. Себебі сіздің көңіл күйіңіз жоқ болса, бірнеше адамның да көңіл күйлері түсіп кетуі мүмкін. Кейбір адамдар тіпті өкінеді. Жазғы демалыста өте сирек көретін болдым ғой деп... Болашақта Сарышаяндарды көру арман болады. Сондықтан қазірден бастап жақсы араласқандарыңыз өздеріңізге жақсы!
Таразы
Таразылар Феррари көлік сияқты. Сондай әдемі және қымбат, Өз өзін қойып кетсеңдер тап қәзір біреу ұрлап кетеді! Таразыларды қорғаңдар! Таразыларды ешқашан жалғыз тастамаңыздар. Бақытты қылыңыздар. Ешкімге зияны жоқ, зиянынан пайдасы көп жанды қалайша қуантып, сыйламасқа. Өте керемет әрі ақылды. Таразыларға баға жетпейді. Сыйласа білейік, қуанта білейік. Әлемнің 8-ші кереметі ол ТАРАЗЫЛАР!!!
Бикеш
Сіз оны өліп сүйесіз! Иә иә білеміз! Қаншама жамандық жасаса да, одан бас тарта алмайсыз! Өйткені ол сіздің тағдырыңыз! Сүйіктіңізді жоғалтып алмаңыз! Қазіргі жұптар сіздерге қарап қызығады... Себебі өте тату тәтті жұпсыздар. Болашақта ең керемет отбасы болатындарыңызға сенемін. Сіздерге ешқандай ұрыс, керіс айыра алмайды. Басқа адамдарға айтарым, Бикештердің бақытын тартып аламын дегендер, құр босқа уақыттарыңызды құрпайақ өз жұмыстарыңыз жасай беріңіздер. бикештер өте бақытты. Оның бақытын ешкім де, ешқашан тартып ала алмайды!
Арыстан
Арыстандарға сөз қайтаруға еш болмайды! Оларды құшақтап алып сүйу керек! Ай, ай арыстандар! Қандай АҚЫЛДЫСЫЗДАР, СҰЛУСЫЗДАР! Қазіргі уақытта ақылдылығымен, батылдылығымен, парасаттылығымен тәнті қылып жүргендердің бірі АРЫСТАНДАР! Өте керемет, өте ерекше адамдардың бірі десек те болады. олар көп ұзамай өзінің бақытын кездестіріп қана қоймай, тағы басқа да керемет достар табады. Өте керемет олармен күн сайын кешкісін ойын сауық, отырыстарға барады.. Сіз өте керемет жансыз. Бір ескертетінім: Ішімдік, темекі сияқты нәрселерден аулақ болыңыз. Сіздің болашағыңыз әлі алда.
Шаян
Оооо, енді Шаяндардай жан табылар ма екен? Әрине жоқ! Сізді бәрі жақсы көреді! Ұнатпаймын деген жанның өзі сізді сүйеді, жәй қырсықтанып шындықты айтқысы келмей тұр! Қазіргі уақытта сізді көп адамдар сырттай білдіртпегенімен іштей ғашық... Кей кезде сіздің шынайы махаббатыңызды бағаламаған жандар күн сайын сіздің суретіңізге қарап, бірге өткізген керемет сәттерді есіне алып, еріксіз көзіне жас келеді. Басқа адамдарға айтарым, барынша Шаяндарды бағалап, қасынан табыла біліңіздер. шаяндар әлемде ең мейірімді әрі ақкөңіл жандардың бірі болып табылады!
Егіздер
Жақын арада ұмытылмас махаббат күтуде! Басыңыз айналып, мас болып қаласыз! Өз жұлдызыңызды қолыңыздан шығармай ұстаңыз! Қазір көп адамдар сізді қалай сынауға болады деп ойланып жүр. Бірақ сіз ештеңеден қорықпайсыз. Өте батыл жансыз. Әркезде алғашқы қадам жасауға әрдайым дайын тұрасыз. Ешқашан көңіліңіз түспесін. Армандаған мақсатыңызға жетуге аз ғана уақыттар қалды. Болашақта сіз ең ірі кәсіпкерлердің қатарынан табылуыңызда ғажап емес. Болашағыңыз өзіңіздің қолыңызда!
Торпақ
Торпақтарға бүгін бір жан ессіз ғашық болып қалды! Иә, бұл шын! Сізге сезімін білдіртсе, махаббатқа махаббатпен жауап қайтарыңыз! Әйтпесе өмір бақи өкініп жүресіз! Ондай жанды өмір тек бір ақ рет жіберетінін ұмытпаңыз. Сіздің бір керемет қасиетіңіз бойындағы кемшілікеріне қарамай, ол бай ма, кедей ме маңызды емес, бастысы оның жүрегі таза болса болғаны. Жүрегі таза болса неге бақытты болуға болмасқа деп ойлайсыз. Ойыңыз дұрыс. Сіздің жолыңыз ақ. Әр кез табысқа кенелесіз!
Тоқты
Қазіргі уақыта Тоқтыларға көбісі қызығады. Әрине қызықпауға болады ма. Керемет армандаған мамандығына жетуге аз уақыттар қалды. Сүйген адамын кездестіругеде шамалы уақыттар қалды. Болашақта ата-анаңызды бақытты қылып, бауырларыңызды әрқашан қуантып, сүйген жарыңызды қуаныш пен сыйластыққа бөлейсіз. Сіз бақытты жансыз!
/reactor.inform.kz/