Байқоңырда төрт жасар бала балконнан құлап кетті

Нұр-Сұлтанда көпқабатты үйдің терезесінен екі бала бірге құлап кетті
Байқоңыр тұрғыны төрт кшікентай баласын үйге қамап, өзі дүкенге шығып кеткен. Бұл кезде үйдегі балконның терезесі ашық қалыпты.
“Анасы дүкенге кеткен соң төрт жасар балақай терезеге шығып, жоғары қабаттан құлап кеткен. Бала ауыр жарақаттар алып, ауруханаға түсті”, – делінген Байқоңыр кешені прокуратурасының мәлімдемесінде.
Қазіргі таңда әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалған.
Оқиғаның жай-жапсарын анықтау мақсатында тексеру амалдары жүргізілуде. Іс прокуратура бақылауына алынды.