Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Із-түссіз жоғалып кеткен алматылық профессер Алматы облысынан өлі табылды

Із-түссіз жоғалып кеткен алматылық профессер Алматы облысынан өлі табылды

Алматы облысының полицейлері 69 жастағы алматылық профессордың жоғалып кетуіне қатысы бар деген күдікпен ер адамды қамауға алды.

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабаралады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
17 тамызда Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ұстазы, профессор Ағыбай Смағұлов із-түссіз жоғалып кетті. Оның жоғалып кеткені туралы ақпаратты Ислам Ұғышев есімді ұлт белсендісі әлеуметтік желі арқылы таратты. Смағұловтың отбасы азаматтарға іздестіруге көмек көрсетін өтінген. Хабарламаға сүйенсек, профессор Қарасай ауданына қарай бағыт алған.
Бірақ, өкінішке орай іздеудегі профессордың денесі бүгін Алматы облысының аумағынан табылды. Оның жоғалып кетуіне жергілікті тұрғынның қатысы бар деседі.
Алматы қаласы ІІД-нің баспасөз қызметі де болған жағдайды растап, полицейлердің “адам өлтірілу” бабына сәйкес алдын-ала тергеу жұмыстарының жүргізіп жатқанын хабарлады.
Профессордың із-түссіз жоғалып кеткені туралы Қарасай полициясына арыз 21 тамызда түскен.
«Ер адамның қайда екенін жүргенін анықтауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде оның жоғалып кетуіне қатысы бар деген күдікпен жергілікті тұрғындардың бірі ұсталды. Кейінгі тергеу іс-шараларының барысында ұсталған адам іздеудегі профессордың денесінің көмілген жерін көрсетті. Қазіргі уақытта бұл фактіге қатысты «адам өлтіру» бабына сәйкес алдын ала тергеу басталды. Қылмысқа қатысы бар күдікті қамауда отыр», – деп хабарлады облыстық полицияның баспасөз қызметі.
Айта кетейік, бір жыл бұрын Ағыбай Смағұловты студенттер ұрып-соғып, тонап кеткен болатын. Университет студенттері профессорды соққыға жығып қана қоймай оның 23 миллион теңгесін ұрлап кетіп, 9 қабырғасын сындырған.
Stan.kz
24 қыркүйек 2018 ж. 1 613 0