Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Өскеменде ер адам көпқабатты үйдің терезесінен құлап көз жұмды

Өскеменде ер адам көпқабатты үйдің терезесінен құлап көз жұмды

Өскемендегі Новаторов көшесінде орналасқан көпқабатты ғимараттың бірінде ер адам терезеден құлап, көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі ҚазАқпарат-қа сілтеп.

Әзірге полиция бұл оқиғаға қатысты ешқандай ақпарат бермеді. Сондай-ақ, құқық қорғау органының қызметкерлері қайғылы өлімді және онымен байланысты барлық мәліметті түсіндірмеді.
Тек қайтыс болған ер адамның 30 жаста болғаны белгілі.
Қазір бұл қайғылы жағдайға қатысты алдын ала тергеу жүргізілуде және оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Stan.kz
09 қазан 2018 ж. 702 0