Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Оралда әйел 3 жасар баласымен бір жыл бойы вокзалды паналаған

Оралда әйел 3 жасар баласымен бір жыл бойы вокзалды паналаған

Орал тұрғыны Жазима Дүйсенғалиева 3 жасар баласымен бір жыл автовокзалда түнеп шықты, деп жазады Мой город.
Әйелдің өзінің айтуынша, ол 2010 жылы ата-анасын жоғалтып алады. Туыстары бар болғанымен ешкім көмектеспейді. Ол қалаға келісімен тұрмысқа шыққан. Алайда күйеуімен жараспай ажыраспы кетеді.
“Ұлымды аналар үйінде өсірдім. Ұлым бір жылға толғанша тұрдық. Одан соң пәтер жалдадық. Мейірімді адамда көмектесті. Жақында ұлым 3-ке толады. Бір жыл вокзалда тұрдық. Қалалық білім басқармасынан келіп бізді алып кетті. Ұлымды балалар үйіне беруге көндірді. Мен уақытша тапсырдым. Жұмыс істеп, ақша жинаған соң ұлымды қайтып алам”, – дейді анасы.
Қазір өзі бейімдеу орталығында. Орталық қызметкерлері ұлына алимент жаздырып, жұмысқа орналастырмақ. Жазиманы мейрамханаға аспаз көмекшісі етіп орналастырған. Алайда бір күннен соң ол жұмыстан бас тартты. Бір әйелдің өзімен бірге тұруға ұсыныс айтқанын алға тартып, орталықтан кететінін айтқан.
Ал, ұлын балалар үйінен белгілі бір уақыт аралығында қайтарып алатынын айтып, қолхат жазған.
Stan.kz
23 қазан 2018 ж. 1 199 0