Түнгі уақытта алкоголь өнімін сатқаны үшін айыппұлға жазаланды

Сотта анықталғандай, құқық бұзушы Ш. азық-түлік дүкенінде этил спиртінің көлемді үлесі отыз пайыздан асатын «Березовая» алкоголь өнімін сағат 21.00-ден кейін өткізген.
Сот қаулысымен құқық бұзушы Ш. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 200-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 16835 теңге мөлшерінде айыппұл салынып, алкоголь өнімдерін бөлшек саудада сату қызметімен айналысуға берілген мемлекеттік лицензияның қолданысы 1 ай мерзімге тоқтатылды.
Арал аудандық сотының
баспасөз қызметі.