Антибиотик қабылдаған бойжеткеннің денесінің 90 пайызы күйіп қалды

Авиньон қаласының тұрғыны Камиль Лажидің көмекей безі ісініп, ем үшін пенициллин қабылдап жүрге. Бұған дейін бойжеткеннің аталған антибиотикке аллергиясы болмаған екен. Алайда пенициллинді соңғы рет қабылдағаннан кейін денесі бөртіп, көзі қыши бастапты.
Артынша Камильдің денсаулығы нашарлай бастағаннан кейін, ата-анасы оны ауруханаға алып барған. Дәрігерлер оған «Лайелл синдромы» диагнозын қойды. Әдетте мұндай ауруға шалдыққандарлың дене қызуы көтеріліп, денесі бөртіп, артынша денесінде үлкен көбіктер пайда болып, жараға айналады.
Жағдайы нашарлаған қызды Марсельдегі күйік реанимациясына ауыстырған. Ол жерде 3 апта жатқан Камильдің денесінен бөлек, тілі мен кеңірдегі де зақымдалған. Ол бірнеше күн бойы сөйлей алмайды қалыпты.

Ендігі Лажи желіде блог жүргізіп, өзінің емі туралы айтады. Ол осылайша аталған аурудан зардап шегетін өзге де адамдарға көмектесе аламын деп үміттенеді.
«Ендігі менің терім бұрынғыдан болмайды. Денемде тыртық көп. Алайда олар ауруды жеңгенімді есіме сап тұрады», -дейді бойжеткен.